ХАБАРЛАНДЫРУ
Ұйымдастыру комитеті Алматы қаласында 2017 жылы 25-26 сәуір күндері «Демікпе және аллергия» атты XVII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтетінін хабарлайды.
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті.
Қазақстан Республикасы аллергологтары мен клиникалық иммунологтарының республикалық қоғамдық бірлестігі.
КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
- Аллергологиядағы инновациялар. Молекулярлық аллергология
- Бронх демікпесін диагностикалау мен емдеудегі заманауи көзқарастар
- Атопиялық дерматитті диагностикалау мен емдеудегі заманауи көзқарастар
- Аллергиялық ринитті диагностикалау мен емдеудегі заманауи көзқарастар
- Есекжемді диагностикалау мен емдеудегі заманауи көзқарастар
- Дәрілік, поствакцинальды, инсектті аллергияны диагностикалау мен емдеудегі заманауи көзқарастар
- Аллергологиядағы шұғыл жағдайлар диагностикасы мен емдеудегі заманауи көзқарастар
- Аллергия және иммунитеттің қарым-қатынасы,екіншілік иммундытапшылық жағдайлар диагностикасы мен емдеуіндегі заманауи көзқарастар
- Инфекция, иммунитет және аллергия
- Вакцинапрофилактика
КОНФЕРЕНЦИЯНЫ ӨТКІЗУ ОРНЫ
Алматы қаласы, «Достық» қонақ үйі 4-ші қабат, «Алатау» Құрманғазы көшесі 36
ҚАТЫСУ ТҮРІ
- Ауызша баяндама.
- Стендтік баяндама.
- Жас ғалымдарға арналған конкурс.
ТІЛДЕР: қазақша, орысша, ағылшынша
ПОСТЕРЛІК БАЯНДАМАҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Өлшемі : Ені - 70 см, биіктігі - 120 см. Жоғарғы бөлігінде жұмыстың атауы орналасады, түзу шрифтпен басылады. Төменде авторлардың тегі,жұмыс орындалған мекеменің атауы көрсетіледі. Көрнекті (фотосуреттер, диаграммалар, графиктер, блок – сызба және т.б ) және мәтіндік материал арақатынасы - шамамен 1: 1. Мәтінді қаріп 50 см қашықтықта оқылатындай еркін болуы керек. Жұмыстар өзіндік ғылыми зерттеулер мен оқу-әдістемелік әзірлемелерден дайындалуы керек.
Конгресс жұмысы кезінде ең үздік постерлік баяндамаға жарыс өткізіледі.
Өткізу мерзімі 2017жылдың 15 акпанға дейін.
КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫНЫҢ ТІРКЕЛУ ТҮРІ
Тегі,аты, әкесінің аты_________________________________________________________
Жұмыс орны, лауазымы _______________________________________________________
ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, квалифик.категориясы___________________________
Мені конференция делегаты ретінде тіркеуіңізді өтінемін
Конференция бағдарламасында менің баяндамамды қосуыңызды сұраймын
Баяндама атауы ______________________________________________________
Мекен-жайы ________________________________________________________________
Телефон ________________ Факс ____________ E-mail____________________________
КОНГРЕСС ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА СЕРТИФИКАТТАР БЕРІЛЕДІ
КОНГРЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР ҚОНАҚ ҮЙЛЕРГЕ ӨЗДЕРІ ТАПСЫРЫС БЕРЕДІ
КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУ ТУРАЛЫ СҰРАҚТАР БОЙЫНША МЫНА БАЙЛАНЫС ЖЕЛІЛЕРІНЕ ХАБАРЛАСУҒА БОЛАДЫ
хатшы: Шоканова Э.Т. тел: 87783489987 +7(727) 3750399,
тел/факс + 7(727) 291 15 60 ұялы тел. 8 7013355852, 8 7772773847 e-mail: izhanat@yandex.ru
«AACI» президент ім.ғ.д., профессор Испаева Ж. Б