Аллергологтар және клиникалық иммунологтар ассоциациясы

ХХ Қазақстандық халықаралық астма және аллергия конгресіне шақыру 2020

Құрметті достар және әріптестер!

Қазақстандық Аллергологтар мен Клиникалық Иммунологтар Қауымдастығы атынан сіздерді осы жылы 27-31 тамыз аралығында сандық түрде өтетін  ХХ Қазақстандық Халықаралық Астма және Аллергия конгресіне шақырамын.

«Астма және Аллергия» Ұлттық Конгресі - әлемдегі ғылыми қауымдастықпен  қабылданған,   Қазақстан Республикасындағы  аллерголог  және   иммунолог  дәрігерлерді,   жақын мамандықтағы дәрігерлерді біріктіретін ең ірі кәсіби шара.

Конгресс бағдарламасында пленарлық баяндамалар, презентациялар, шеберлік сыныптары болады.

Біз сіздерді  Аллергологтар мен Клиникалық Иммунологтар конгресінің жаңа форматында күтеміз, онда аллергия мен астманың алдын   алу  шараларының  жаңа тәсілдері қарастырылады.

Сондай-ақ, конгресс материалдарын   өткізілген  іс-шарадан   кейін 3 ай ішінде алуға болады.

 

Қазақстандық  Аллергология және Клиникалық Иммунология қауымдастығының Президенті,

Асфендияров атындағы  Қазақ  Ұлттық  Медицина Университетінің Аллергия және Клиникалық  Иммунология кафедрасының меңгерушісі,

М.ғ.д., профессор Жанат Испаева