2022 ж. 28-29 сәуірі аралығында Алматы қ. ХХІІ Ұлттық Халықаралық “Демікпе және аллергия” Конгресі сәтті өтті.
“Демікпе және аллергия” жылдық конгресінің қатысушыларына сәлемдесу сөзін “С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ” КЕАҚ ректоры, м.ғ.д., профессор Нұрғожин Т. С. арнап, осы шараның маңыздылығын және конгресті ұйымдастырудағы “С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ” КЕАҚ Сенат төрайымы, аллергология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Испаева Ж. Б.-ның үлкен ролін атап өтті.
Алматы қ. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Султангазиева С. Е. сәлемедесу сөзін арнады. Аллергология саласындағы әлемдік айтулы ғалымдардың қатысуымен жыл сайын өткізілетін конгресс Қазақстан Республикасындағы аллергологиялық қызметті жетілдіруге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Ректор, проф.Нургожин Т.С, Алматы қ.ҚДБ бас.орынбасары, Султангазиева С.Е., проф. Испаева Ж.Б.
Бронх демікпесі және оның жүректің ишемиялық ауруымен байланысы мәселесіне арналған Еуропа ғалымдарының керемет баяндамалары: Польшадан Piotr Kuna, Латвиядан Maris Bukovskis профессорлары кейпінде осы қауіпті аурудың патогенезі және емдеу тәсілдемелерін түсіндірді.
Проф. Piotr Kuna, Польша
Аллергиялық ринит және есекжемді емдеу жөніндегі жаңартылған және ең соңғы ұсынымдарды профессор Испаева Ж. Б. баяндады. Осы аурулардың тәжірибелік дәрігерлер үшін өзекті болатын заманауи емдеу және диагностика аспектілерін атап өтті.
Проф.Испаева Ж.Б.
Ауыр бронх демікпесі мәселесіне Қазақстан Республикасының озық ғалымдарының бірқатар баяндамалары арналды: м.ғ.д., профессор Моренко М. А., м.ғ.д., Ковзель Е.Ф., м.ғ.к., РhD Тусупбекова Г.М, м.ғ.к., Хайруллина З.С., Ералиев С.М., Фахрадиев И.Р.
М.ғ.д., профессор Испаева Ж.Б. Демікпе молекулалары, м.ғ.д., профессор Моренко М.А. “Инсектты аллергия: себептері, диагноз, дәрігерлер үшін ұсынымдар”, м.ғ.д., Ковзель Е.Ф. “Қазақстандағы респираторлы аллергияның молекулярлы аспектілері”, м.ғ.к., PhD Тусупбекова Г.М. “Тағамдық аллергия: анафилаксия молекулаларының маңызы” тақырыптары баяндалып, молекулярлы аллергология бойынша оқу өткізілді.
“Қазақ популяциясындағы бронх демікпесінің иммуногенетикалық аспектілері бойынша бронх демікпесінің дамуындағы генетикалық факторлардың ролі” атты баяндамамен докторант Бекмагамбетова Р. Б. сөз сөйлеп, бағдарламалы мақсатты қаржыландыру аясында “С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ” КЕАҚ бақылауымен өтетін докторлық диссертацияның орындалу нәтижелерін баяндады.
ҚР үздік аллергологтары профессионалды дайындық пен ассистенттердің, кафедра резиденттерінің кейпіндегі жаңа буын жас аллергологтардың белсенділігін атап өтті.
Аллергология кафедрасы: асс. Заирова М., докторант Бекмагамбетова Р., кафедра меңгерушісі д.м.н., профессор Испаева Ж.Б., асс. Джанабаева Н., асс. Жакиева А.
Аллергология кафедрасының 1-курс резиденттерінің стендтік хабарламалары қазылар алқасын жаңашылдығымен және аллергологияның барлық аспектілеріндегі заманауи тәсілдемелерімен таң қалдырды.
Бірінші орынды өзара келесі резиденттер бөлді:
- Бостанов Әділет
- Тілеуқұл Фариза
- Шаймерденов Нұрерген
Екінші орынды келесі резиденттер алды:
- Юн Арман
- Хелилова Дильнара
- Сейсенбай Мереке и Әмір Нұрила
Үшінші орынды да келесі резиденттер өзара бөлді:
- Орынбасарова Альбина
- Салманова Асем
м.ғ.д. Ковзель Е.Ф. резидент Бостанов Адилетке мақтау қағазын табыстауы
м.ғ.к. Тусупбекова Г.М. резидент Юн Арманға мақтау қағазын табыстауы
Проф. Испаева Ж.Б. резидент Сейсенбай Мерекеге мақтау қағазын табыс етуі
«Астма және Аллергия» Конгресі аллерголог, пульмонолог, оториноларинголог, ЖТД, терапевт және басқа да іргелес мамандық дәрігерлері үшін өздерінің профессионалды білімдерін жетілдіріп, тәжірибелік маңызы бар ақпарат алып, көкейінде жүрген сұрақтарды мемлекетіміздің және әлемдік үздік мамандарға қоюға мүмкіндік беретін жыл сайынғы маңызды шара болып табылады.
Барлық конгресс қатысушылары жоғары профессионализм мен баяндамалардың практикалық маңыздылығын атап өтті. Аллергологиялық ауруларды емдеу және диагностикалаудың жаңа аспектілері жөнінде алынған білім пациенттердің өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
XXII Ұлттық Қазақстандық Халықаралық “Демікпе және аллергия” Конгресінің қатысушылары