Аллергологтар және клиникалық иммунологтар ассоциациясы

Есеп 2019

2019 жылдың 25 және 26 сәуір аралығында  Қазақстанда, Алматы қаласында медицина қоғамдастығы үшін айтарлықтай оқиға - «Аллергия және демікпе» атты XIX Халықаралық Ұлттық ғылыми конгресс өткізілді.

 Іс-шара  Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің, Аллергологтар мен клиникалық иммунологтардың Еуропалық академиясы, «ҚР Аллергологтар мен клиникалық иммунологтар қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігі  және  Халықаралық Молекуларлық аллергология және иммунология университеттер желісінің  (INUNIMAI) қолдауымен ұйымдастырылды.

Конгресс Еуропалық аллергологтар мен клиникалық иммунологтар академиясының (EAACI) қолдауымен өтті.

Еуропалық аллергологтар мен клиникалық иммунологтар академиясының (EAACI) өкілі, профессор Antti Lauerma құттықтау сөз сөйлеп, конгресстің аллергиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің жаңа технологиялары саласындағы тәжірибе мен жаңа ақпарат алмасудағы маңыздылығын атап өтті. Өзінің «Терінің аллергиялық аурулары кезіндегі микробиомалары» атты баяндамасында профессор Antti Lauerma  терінің аллергиялық ауруларының пайда болуындағы микробиоталардың рөлі туралы соңғы зерттеулерін ұсынды.

Вена Медицина университетінің проректоры, профессор Hannes Stokinger өзінің «Наноразмерлі ұйымдастыру және иммунотерапия үшін Т-жасушалық  антигенді рецепторларының белгілерінің  берілуі» атты баяндамасында нанотехнологиялар бойынша  терең ғылыми зерттеулерге тоқталды.

Осы конгресс аясында алғаш рет С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті мен Вена медициналық университеті арасында меморандумға қол қойылды. Меморандумға С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ  тарапынан ректор, профессор Т.С. Нұрғожин, Вена медициналық университетінің атынан проректор, профессор Hannes Stokinger қол қойды. Қол қою мақсаты - аллергология және клиникалық иммунология саласындағы академиялық ұтқырлық аясында бірлескен ғылыми зерттеулер, конференциялар өткізу, студенттермен алмасу.

Бұл С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ аллергология мен клиникалық иммунологиясын, соның ішінде,  инициаторы Аллергология және клиникалық иммунология кафедрасының меңгерушісі, профессор Испаева Ж.Б. болып табылатын аллергология кафедрасын одан әрі дамыту үшін маңызды оқиға.

Профессорлармен аллергиялық ауруларды диагностикалаудағы молекулалық аллергологияның рөлі туралы өте қызықты баяндамалар оқылды: Ұлыбританиядан келген А. Наконечнаяның «Анафилаксияның аллергенді молекулалары» және Мәскеуден келген А. Пампурдың «Түбітті жануарлардың аллергенді молекулалары» атты баяндамалары.

Өзінің құттықтау сөзінде Аллергологтар және клиникалық иммунологтар қауымдастығының Президенті, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің аллергология жәңе клиникалық иммунология кафедасының меңгерушісі, ҚР Бас балалар аллергологы,  проф. Ж. Испаева конгреске бір апта қалғанда шығарылған жаңа бағдарлама - GINA 2019 туралы хабарлады. Ресми статистикаға сәйкес, Қазақстан Республикасы бойынша респираторлық аурулар барлық аурулардың ішінде 1-ші орында тұр (2,5 млн науқас). Шамамен 1 млн. адамдар демікпеден зардап шегеді, әсіресе балалар арасында кең тараған.  Аллергиялық аурулардың өсуі жылына шамамен 10-15% құрайды. Сондықтан, дәл диагноз қою, дұрыс емдеу және алдын алу клиникалық медицинаның ең маңызды мәселелері. 

Каунас қаласынан профессор Кестутис Малакаускасиз  (Литва) бронх демікпесінің бронхолитикалық еміне егжей-тегжейлі тоқталды.

Австриялық A HiLL молекулалық аллергологиядағы телемедицина туралы өте қызықты баяндама жасады.

Конгресте жетекші профессорлар, халықаралық бағдарламалардың сарапшылары, Тәжірибелік аллергология мен клиникалық иммунология саласына жан-жақты жарығын төккен Ресейден келген спикерлер (Пампура А., Ханферян Р., Лопатин А., Федоскова, Корсунская И.) және  Қазақстан спикерлері (Испаева Ж., Розенсон Р., Моренко М., Ковзель Е., Тусупбекова Г.,  Хайруллина З., Жаутикова Б.) дәрістерін оқыды. Сонымен, атопиялық дерматит, бронх демікпесі, аллергиялық ринит, гастроинтестинальды аллергия, антигистаминді препараттар, Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы білім беру процесі және практикалық денсаулық сақтауда өте маңызды болып табылатын қазіргі кезеңдегі аллергиялық ауруларды емдеу перспективалары туралы баяндамалар жасалды.

«Демікпе және аллергия» конгресінің бағдарламасы соншалықты әмбебап болғандықтан, әртүрлі мамандықтағы дәрігерлердің: аллергология, пульмонология, дерматология, гастроэнтерология, педиатрия, терапия және жалпы практика саласындағы мамандардың кең аудиториясын тартуға мүмкіндік берді.

Конгресс бағдарламасындағы әрбір баяндама аудиторияда қызу пікірталас тудыры, бұл Қазақстан Республикасы дәрігерлерінің аллергология және иммунологияға – салыстырмалы түрде медициналық ғылымның жаңа саласына қызығушылығын көрсетеді. Сонымен қатар, бұл мамандардың жаңа білім алып, тәжірибе алмасуға деген құлшынысын көрсетеді, әсіресе әлемдік деңгейдегі зерттеушілер мен өз ісінің мамандарынан тәжірибе алмасуға мүмкіндік болғанда.

Халықаралық тәжірибиеге қосылуға мүмкіндігі және кәсіби ортада негізгі мәселелерді талқылау - әрқашан Қазақстанның медицинасы үшін маңызды оқиға болып табылады. Конгресс соңында біздің жас ғалымдардың қабырғалық хабарламаларының нәтижелері шығарылып жүлделі орындар берілді.

Конгрестің шарықтау шегі профессорлар Antii Lauerma мен Hannes Stokinger айтуынша, Қазақстан Еуропада да, Азияда да географиялық тұрғыдан орналасқан ел өзінің позициясын өзгерте алады және EAACI Ұлттық Еуропалық қауымдастықтарына ауыса алады, бұл Қазақстан Республикасында аллергология саласының білім беру және ғылыми дамуына үлкен мүмкіндіктер береді.

Бұл ұсыныстардың нәтижелері шындыққа айналды.

2019 жылдың 2 маусымында Аллергологтар мен клиникалық иммунологтардың Еуропалық академиясының Бас ассамблеясында Лиссабон қаласында Қазақстандық аллергологтар мен клиникалық иммунологтар қауымдастығын EAACI ұлттық қоғамдастықтарына ауыстыру туралы шешім қабылданды, ол 01.07 2019 ж. бастап EAACI сайтында жарияланды.