Аллергологтар және клиникалық иммунологтар ассоциациясы

Ақпараттық хат: Қазақстан Республикасының аллерголог және иммунологтарының III съезді

Қазақстан Республикасы Аллергологтары және клиникалық иммунологтары Республикалық қоғамдық бірлестігі атынан 2023 жылдың 27-28 сәуірінде, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 36, «Достық» қонақ үйінде өтетін Қазақстан Республикасының аллерголог және иммунологтарының III съезді және «Демікпе Және Аллергия» атты XXIII  Ұлттық Халықаралық Қазақстан Ғылыми Тәжірбелік Конгресіне қатысуға шақырамыз.

Бұл әлемдік ғылыми қоғамдастықпен қабылдаған, Қазақстан Республикасының аллерголог-иммунолог мамандарын, басқа да мамандарды  біріктіретін ең ірі кәсіби іс-шара.

Конгресс бағдарламасына пленарлық дәрістер, презентациялар, мастер-кластар кіреді.                   

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР

  • Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі.
  • С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті.
  • Еуропалық Аллергологтар мен клиникалық иммунологтар  академиясы.
  • Қазақстан Аллергологтары  және клиникалық иммунологтары Республикалық қоғамдық бірлестігі.
  • Аллергиялық ринит және оның астмаға әсері қоғамдық бірлестігі
  • Молекулалық аллергология және иммунология саласындағы университеттердің халықаралық желісі.

КОНГРЕСТІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

  • Аллергологиядағы инновациялар. Молекулярлық аллергология.
  • Бронх демікпесін диагностикалау мен емдеудегі заманауи көзқарастар.
  • Атопиялық дерматиттідиагностикалау мен емдеудегі заманауи көзқарастар.
  • Аллергиялық ринитті диагностикалау мен емдеудегі заманауи көзқарастар.
  • Есекжемді диагностикалау мен емдеудегі заманауи көзқарастар.
  • Дәрілік, поствакциналды, инсектті аллергияны диагностикалау мен емдеудегі заманауи көзқарастар.
  • Аллергологиядағы шұғыл жағдайлар диагностикасы мен емдеудегі заманауи көзқарастар.
  • Аллергия және иммунитеттің қарым-қатынасы, екіншілік иммунды тапшылық жағдайлардың диагностикасы мен емдеуіндегі заманауи көзқарастар.
  • Инфекция, иммунитет және аллергия.
  • Вакцинопрофилактика.
  • Біріншілік иммунды тапшылық жағдайлар.      

Конгресс жұмысына Еуропалық аллергология және клиникалық иммунология академиясының президенті, профессор Stefano Del Giacco, «ШАРИTE» Аллергология институтының директоры, профессор Marcus Maurer, алыс және жақын шетел ғалымдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 500-ден астам аллерголог, дерматология, пульмонолог, педиатр, терапевт, оториноларинголог және жалпы тәжірибе дәрігер мамандары қатысады.

ҚАТЫСУ ТҮРЛЕРІ

1.Ауызша баяндама.
2. Стендтік баяндама.
3. Жас ғалымдарға арналған конкурс.

КОНГРЕССКЕ ҚАТЫСУ ТЕГІН!!!

ҚАЛАУЫ БОЙЫНША:

Кофе-брейктерге, түскі асқа, сертификатқа онлайн төлем

Тіркеу және төлеу

Төлемнің соңғы мерзімі 2023 жылдың 17 сәуірі!

 

Ұйымдастыру комитетінің төрайымы,

Аллергология және клиникалық иммунология кафедрасының меңгерушісі,

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас балалар аллергологы,

Қазақстан Республикасы аллергологтары мен клиникалық иммунологтары қоғамдық бірлестігінің төрайымы,

м.ғ.д., профессор Испаева Ж.Б.