Eceп және Фото 2017
2017жылы 25 және 26 сәуір аралығында Қазақстанда, Алматы қаласында медицина қоғамдастығы үшін айтарлықтай оқиға - «Аллергия және демікпе» атты XVII Ұлттық Халықаралық конгресс өткізілді. Іс-шара Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің, «ҚР Аллергология және клиникалық иммунология қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігі және Вена Медициналық университетінің Rudolf Valenta профессор бастаған Халықаралық Молекуларлық аллергология және иммунология университеттер желісінің (INUNIMAI) қолдауымен ұйымдастырылды.
Конгресс қатысушыларына құттықтау сөзбен С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің ректордың м.а. проф. Камалиев М.А. қарсы алды және осы конгресстің маңыздылығын атап өтті.
Өзінің құттықтау сөзінде аллергологтар және клиникалық иммунологтар қауымдастығының Президенті, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің аллергология жәңе клиникалық иммунология бөлімі меңгерушісі, ҚР Бас балалар аллергологы проф. Zh. Ispayeva Конгресс қонақтарына аллергология және иммунология саласындағы инновациялар туралы хабарлады. Съезд 1998 жылдан бастап ұйымдастырылатынын және EAACI мен ынтымақтастық жайлы, сондай-ақ Қазақстандағы аллергияның таралуы туралы айтып өтті. Ресми статистикаға сәйкес, Қазақстан Республикасы бойынша респираторлық аурулар барлық аурулардың ішінде 1-ші орында тұр (2,5 млн науқас). Шамамен 1 млн. адамдар демікпеден зардап шегеді, әсіресе балалар арасында кең тараған. Аллергиялық аурулардың өсуі жылына шамамен 10-15% құрайды. Сондықтан, дәл диагноз қою, дұрыс емдеу және алдын алу клиникалық медицинаның ең маңызды мәселелері.
Конгресстың ең маңызды оқиғалардың бірі - Халықаралық Молекуларлық аллергология және иммунология университеттер желісінің (INUNIMAI) президенті, Вена Медициналық университетінің профессоры Rudolf Valenta-ның молекуларлық аллергология және аллергенспецификалық иммунотерапия(АСИТ) туралы үш сағаттық дәрісі болды.
«Молекулярлы аллергология: аллергияны диагностикалаудан емдеуге, болжауға және алдын-алуға» атты тақырыбында профессор аллергиялық аурулар патогенезіне егжей-тегжейлі сипаттама беруден бастады. Кейін ол рекомбинантты аллергендер пайда болу тарихы туралы, қазіргі кездегі бұл диагностика әдісі маңызын атап өтті. Prof. Valenta дәрісінің екінші жартысын үлкен табысқа ие болған, өзінің жеке зерттеулерімен толықтырылған аллерген-спецификалық иммунотерапияға арнады.
Дәріс өте түсінікті және жеңіл оқылып, молекулярлы аллергология және аллерген-спецификалық иммунотерапия патогенезі туралы демонстративті фильмдермен толықтырылды.
Prof. RudolfValenta дәрісін аудитория үлкен қызығушылықпен таңдана тыңдады. Конгресс Қазақстанның орталық телеарналарының бірінде көрсетіліп, Prof. RudolfValenta дәрісі мен сұхбаттасуымен қатар жүрді. Prof. Valenta дәрісіне Қазақстан Республикасы аллергологтары ғана емес, сонымен қатар алыс және жақын шетел қонақтары (Ресей, Грузия), Германия, Польша, Ұлыбританиядан еуропалық әріптестер де таңданыста болды.
Дәрісін қорытындылай келе Prof. Rudolf Valenta аудиториямен бұл саланың даму келешегі туралы жеке көзқарастарымен бөлісті. Ол молекулярлы диагностика мен аллергиялық ауруларды емдеудің болашағына үлкен үміт артады.
Профессордың негізгі тыңдаушылары жекелеген мамандар болды, олардың әрқайсысында аллергиялық аурулардың жиі симптомдары мен аллергиялық ринит дамуының патогенетикалық механизмдері туралы терең түсініктері қалыптасқан. Оның үлкен тәжірибесі, кәсібилігі және харизмасы молекулярлы аллергология туралы дәрісін тыңдаушыларды толқытып, бұл сұрақпен жете таныс әріптестерге де пайдалы болды.
Prof. RudolfValenta дәрісі барлық шараға жалпы үн қосып, ішінара кейінгі оқылған дәрістер деңгейін алдын-ала белгіледі. Әр дәріс тәжірибелік дағдыларға, тәжірибелерге сүйеніп құрылған, ғылыми-зерттеу және қолданбалы бөлімдері бар.
Конгерсте жетекші профессорлар мен халықаралық бағдарламалар эксперттері, тәжірибелік аллергология мен клиникалық иммунология саласына жан-жақты жарығын төккен Польша (А. Фал), Ұлыбритания (Л. Иэйтс), Германия, (Д. Лешейд), Грузия (Майя Готуа), Ресей (Ненашева Н., Ткаченко М., Радциг Е.) және Қазақстан (проф. Испаева Ж.Б., Батпенова Г., Ковзель Е., Тусупбекова Г, Газалиева М, Хайруллин З. ) спикерлері дәрістерін оқыды. Атопиялық дерматит, бронх демікпесі, аллергиялық ринит, гастроинтестинальды аллергия, антигистаминді перепараттар, Қазақстан жоғарғы оқу орындарындағы білім беру үрдісі туралы және заманауи кезеңде аллергиялық ауруларды емдеу келешегі жайлы тәжірибелік денсаулықсақтауда маңызды дәрістер оқылды.
«Аллергия және демікпе» конгрессінің бағдарламасы айтарлықтай ерекше болды, сондықтан түрлі мамандық дәрігерлерді: аллергология саласындағы білікті мамандарды, пульмонология, дерматология, гастроэнтерология, педиатрия, ішкі аурулар және жалпы практика саласындағы мамандарды кең аудиторияға тартуға мүмкіндік берді. Конгресс бағдарламасындағ әрбір дәріс аудиторияда қызу пікірталас тудыры, бұл Қазақстан Республикасы дәрігерлерінің аллергология және иммунологияға – салыстырмалы түрде медициналық ғылымның жаңа саласына қызығушылығын көрсетеді. Сонымен қатар, бұл мамандардың жаңа білім алып, тәжірибе алмасуға деген құлшынысын көрсетеді, әсіресе әлемдік деңгейдегі зерттеушілер мен өз ісінің мамандарынан тәжірибе алмасуға мүмкіндік болғанда.
Халықаралық тәжірибиеге қосылуға мүмкіндігі және кәсіби ортада негізгі мәселелерді талқылау - әрқашан Қазақстанның медицинасы үшін маңызды оқиға болып табылады. Конгресс соңында біздің жас ғалымдардың қабырғалық презентациялардың нәтижелері шығарылды, олар сыйлықтармен марапатталды. Жүлделі орындарды таратуды профессор Rudolf Valenta-ның өзі өткізді, ол Қазақстан Республикасындағы аллергология және иммунология дамуы үшін үлкен ынталандыру болып табылады.
Барлық Конгреске қатысушыларға Халықаралық Молекуларлық Аллергология және иммунология желісінің Президенті профессор Rudolf Valenta жеке қолтаңбасымен сертификаттар табысталды.