2023 жылдың 27-28 сәуір аралығында Алматы қаласында Аллергологтар мен клиникалық иммунологтардың III съезді және «Демікпе және аллергия»
2023 жылдың 27-28 сәуір аралығында Алматы қаласында Аллергологтар мен клиникалық иммунологтардың III съезді және «Демікпе және аллергия» 2023 атты XXIII Қазақстан Ұлттық Халықаралық Конгресі өтті.
ҚазҰМУ-нің ректоры Шоранов Марат Едігеұлы, Еуропалық Аллергологтар мен Клиникалық Иммулогтар Академиясының Президенті Stefano Del Giaссo және Charité аллергология институтының директоры Marcus Maurer салтанатты ашылу сөзін сөйледі.
Конгресс барысында профессор Stefano Del Giaссo ауыр ағымды бронхиальды демікпенің емі, профессор Marcus Maurer Тұқымқуалаушылық ангионевротикалық ісінудің (ТАІ) табысты емінің критерийлері, науқастардың бақылауына заманауи көзқарас сұрақтары, және аллергология және клиникалық иммунология саласындағы басқа да көптеген маңызды мәселелер қарастырылды.
Конгресс жұмысына 500-ден астам аллергологтар мен клиникалық иммунологтар және Еуропадан, Украинадан (Уманец Т.Р., Назаренко А.П., Березная Т.Г.) және Қазақстаннан (Испаева Ж.Б., Ковзель Е.Ф., Моренко М.А., Түсіпбекова Г.М.) жетекші спикерлер қатысты. Конгресс табысты және нәтижелі өтті.